«№58 Ы.Алтынсарин атындағы шжжбм» мектебінің тарихы туралы қысқаша мәлімет
Мектебіміз ең алғаш 1950 жылы Сталин атындағы совхозда (қазіргі Келес ауданы, Бозай а/о, Тентексай ауылы) №28 Сталин атындағы бастауыш мектеп болып ашылыпты. Ашылған кезінде отызға тарта оқушы, алты қызметкер жұмыс істеген. 1952 жылы 7 сыныптық болып қайта құрылып, директоры Назаров Қошқар ағай тағайындалған. 1956 жылы мектеп атауы Н.Хрущев атына өзгертілген. 1964 жылы сол кездегі мектеп директоры С.Ғаппаровтың бастамасымен мектеп атауы Ы.Алтынсарин атына ауыстырылады. 1970 жылы қазіргі №59 Б.Момышұлы мектебіне қосылып №31 мектеп болып құрылған. Екі жылдан соң қайта жеке бөлініп, №32 Ы.Алтынсарин атындағы негізгі орта мектеп болып қайта рәсімделген. 1984 жылы мектебіміз орта мектеп статусына ие болды. Мектебіміздің оқу ғимараты 1952 жылы салынып қазіргі уақытқа дейін пайдалануға жарап 2016 жылы апатты деп танылған. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер Бердімұратов Қабылқожа ағамыздың сыйға берген ғимаратында оқу процесі жүргізіліп келеді.
Мектептің материалдық-техникалық базасына келсек, мектебіміз заманауи құрал жабдықтармен толыққанды қамтылған. Мектебізіде 6 дана проектор құралы, 55 дана компьтер мен планшет құрылғылары бар. Дегенмен алдағы уақытта оқу бөлмелерінің талапқа сай келмеуіне және асхана, акт зал, кітапхана бөлмелерінің болмауына байланысты ағымдағы жылы жаңа қосымша ғимараттар салыну жоспарлануда.